
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті С.М.Сахов 1 курс білім алушыларымен «Абай айтқан адам болу жолы» тақырыбында іс шара өткізді.
Мақсаты: Абай Құнанбайұлының рухани-адамгершілік мұрасын дәріптеу, «толық адам» концепциясын талдау арқылы студенттерді адамгершілікке, еңбекқорлыққа, білімге, әділетке, ізгілікке тәрбиелеу.
С.М.Сахов білім алушыларға Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығына қысқаша тоқталып, оның «адам болу» жайлы көзқарастарын, философиялық тұжырымдарын атап өтті. Одан әрі студенттер Абайдың қара сөздері мен өлеңдеріне шолу жасап, «толық адам» ұғымын талдады. Әр топ өз пікірлерін ортаға салып, адам болудың жолдары – білім, еңбек, әділет, махаббат, ар-ождан, жауапкершілік секілді қасиеттерді мысалдармен түсіндірді.

Білім алушылар Абайдың рухани мұрасының терең мазмұнымен танысып, оның бүгінгі қоғам үшін де маңыздылығын ұғынды. Шара студенттердің ойлау, талдау және сөйлеу қабілеттерін арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, жастар арасында ұлттық құндылықтарға деген қызығушылық пен құрметті қалыптастыруға мүмкіндік берді.
«Абай айтқан адам болу жолы» атты іс-шара өз мақсатына жетіп, білім алушылардың рухани-адамгершілік дүниетанымын кеңейтуге оң ықпал етті.