
9 сәуір 2026 жылы Аль-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Фармацевтикалық өндірістік технология» ББ ФӨТҚАБ-01-25, ФӨТОАБ-04-25 топ студенттері мен «Медициналық биофизика және ақпараттық технология» кафедрасының топ жетекші оқытушыларымен «Адал азамат – адал қоғам» тақырыбында тағылымды кездесу кеші өткізілді. Кеш қонақтары:
1. ҚР МІІ Б. Момышұлы атындағы оқу орнының «Арнайы пәндер циклінің» аға оқытушысы, полиция полковнигі Айболат Маймақов.
2. М. Әуезов атындағы Оңтүтік Қазақстан зерттеу университетінің кафедра доценті, заң ғылымдарының кандидаты Г. Мейіркулова.
3. Шымкент қаласының заңгерлер палатасының заңгері, BM LAW group адвокаттық кеңсесі қызметкері О. Альжанов.
Кездесу барысында спикерлер сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері туралы кеңінен айтып, оның алдын алуда әр азаматтың рөлі ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ, адалдық қағидаларын ұстанудың маңыздылығы, заң талаптарын сақтау және қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелері талқыланды. Академия студенттері өз ойларымен бөлісіп, пікірталасқа белсенді қатысты. Кездесу сұрақ-жауап форматында жалғасып, қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарға нақты жауап алды.
Шара соңында ұйымдастырушылар жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді болуға шақырып, адалдық пен парасаттылықты өмірлік ұстаным етуге үндеді.