
2026 жылғы 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Дәрілер технологиясы және фармация ісін ұйымдастыру кафедрасы мен Жастар саясаты бөлімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі бас маманы Байымбетова Баян Сейтжаппарқызымен бірлесіп 6В10106 - «Фармация» білім алушыларына «Адалдық пен жауапкершілік – саналы ұрпақ таңдауы: академиялық адалдық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, ішкі тәртіп және нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелге прокуратура, құқық қорғау органдары, жоғары оқу орындары және кәсіби Фармация ісі ұйымдардың өкілдері қатысты. Еңбекші ауданы прокуратурасының аға прокуроры Алма Нұрмағанбетқызы Сатқанбаева мен заңгер Қайрат Даниярбекұлы Атамбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, құқықтық сауаттылықты арттырудың және әр азаматтың заң алдындағы жауапкершілігін сезінудің маңызын түсіндірді.

Кездесу барысында есірткі қылмысы мен киберқылмыстың алдын алу мәселелеріне де айрықша назар аударылды. Полиция департаментінің өкілдері Бауыржан Қанатұлы Карбеков пен Бақытжан Тұрсынбайұлы Бекбаев жастарға заманауи қауіп-қатерлерден сақтану жолдарын баяндады. Сондай-ақ «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығының басшысы Хадиша Дербесовна Альжанова мен ҚР ДСМ Фармация комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Айгүл Амангелдіқызы Садықова кәсіби ортадағы адалдық пен жауапкершіліктің мәніне тоқталды.
Студенттер мамандарға сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Тағылымды кездесу білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, академиялық адалдық қағидаттарын нығайтуға және қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінуіне ықпал етті.