Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Әдеби-танымдық кеш өтті
9 сәуір 2026
1
1
0

Әдеби-танымдық кеш өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Іс-шараны Халықаралық факультет деканы Сәрсенбекова Алтынай Әлібекқызы Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Турабек Мадина Айдарқызы  ашып берді.
Кеште Amen Shaima Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды баяндама жасады. Ал Fareha Fatima, Nadaf Mahmmadbasha Ramajansab, Farhan Syed Mohammad ұлы ақынның «Әсемпаз болма әрнеге», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін жатқа оқыды.
 Сонымен қатар, Shahla Naim «Желсіз түнде жарық ай», Shumaila Naim «Жаз», Shehla Gul «Есіңде бар ма жас күнің», Vanshika Dadich «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», Abdal Ahmed «Құлақтан кіріп бойды алар», Chandanshive Satej Shripati «Білімдіден шыққан сөз», Siddique MD Sohail «Мен сәлем жазамын» өлеңдерін оқыса, Nishita Jalwania «Көзімнің қарасы» әнін орындады.
Әдеби кеш барысында іс-шараға белсене қатысқан студенттерге Алғыс хаттар табысталды.

Пікірлер орны (0)