Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Әдебиет әлемді біріктіреді» х...
13 мамыр 2026
1
0
0

«Әдебиет әлемді біріктіреді» халықаралық әдеби-поэзиялық  байқауына қатысты

2026 жылы 9 сәуір күні «Оңтүстік Қазақстан медицина академия» АҚ 1-5 курс 12 алыс шетел білім алушылар «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі, PhD, қаум.профессор Д.М. Кульмирзаеваның жетекшілігімен  Шымкент қаласының А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы базасында өткен «Әдебиет әлемді біріктіреді» атты Халықаралық әдеби-поэзиялық байқауға қатысты.  Іс-шара Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Шымкент қаласы білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Байқау аясында білім алушылар ағылшын, урду, хинди және қазақ тілдерінде әдеби шығармаларды ұсынып, көркем оқу дағдыларын, тілдік дайындықтарын және мәдениетаралық құзыреттіліктерін көрсетті. 435 қатысушының ішінен бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша Khan Tehreem (ВМ-МШA-12-23 топ) байқаудың екінші кезеңіне жолдама алды. Бірінші кезенде қазақ тілде «Әсемпаз болма әрнеге» Абай Құнанбайұлы өленің айтты. Екінші кезенде 2026 жылдың 28 сәуірінде білім алушы “In hindi - “zindagi ka ped” (The tree of lives”)  Болливуд фильмдерінен үзінді көрсетті. 
13 мамыр күні екінші тур жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 91 қатысушының ішінен 17 қатысушы номинацияларға ие болды, соның ішінде Khan Tehreem. 


Халықаралық әдеби-поэзиялық байқауға қатысып белсенді өнер көрсеткен үшін Tehreem Khan АРНАЙЫ ЖҮЛДЕ дипломмен және естелік сыйлықпен марапатталды. Білім алушының жетекшісі Кульмирзанова Д.М. байкауына үлес қосып, үздік шәкірт дайындаған үшін алғыс хатпен марапатталды.

Пікірлер орны (0)