
2026 жылғы 29 қазанда «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент міндетін атқарушы О.А. Туребаев пен оқытушы А.Б. Турматованың ұйымдастыруымен «Аға буын аманаты – ұрпаққа өнеге» атты тағылымды кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – аға буынның өнегелі өмір жолы мен бай тәжірибесін жастарға үлгі ету, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, білім алушыларды үлкенді құрметтеуге, парасаттылық пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу.
Кездесуге 1–2-курс білім алушылары және ОҚМА кафедраларында ұзақ жылдар қызмет атқарған бірқатар ардагер ұстаздар қатысты. «Парасат жолы – кемелдікке бастар» қағидасы негізінде өткен басқосуда ардагер ұстаздар еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісіп, жастарға білімнің, адал еңбектің, кәсіби жауапкершілік пен адамгершіліктің маңызы туралы тағылымды ойларын жеткізді.
Білім алушылар ардагер ұстаздарға өмірлік тәжірибе, мамандық таңдау, кәсіби қалыптасу және адами құндылықтар жөнінде сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды. Өнерлі білім алушылар ән шырқап, күй орындап, кездесуге ерекше рухани әсер сыйлады.
Тағылымды кездесу аға буынның аманаты мен өмірлік тәжірибесі жас ұрпақ үшін құнды өнеге екенін айқындап, қатысушыларға жылы әсер қалдырды.