Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Ағылшын тіліндегі кітап клубын...
16 сәуір 2026
1
0
0

Ағылшын тіліндегі кітап клубының кездесулері өтуде

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының меңгерушісі PhD, қаум.профессор Д.М. Кульмирзаева 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап шетелдік білім алушылардың қатысуымен ағылшын тілінде кітап клубының ай сайынғы кездесулерін өткізіп келеді.
Кітап клубының негізгі мақсаты – білім алушылардың ағылшын тілінде көркем әдебиетті оқу және талдау дағдыларын дамыту, коммуникативтік құзыреттіліктерін жетілдіру және болашақ дәрігерлердің мәдени дүниетанымын кеңейту.
Бүгінгі күнге дейін 7 кездесу өткізілді, оның аясында әлем әдебиетінің шығармалары талқыланды: Э. Хемингуэй «Шал мен теңіз», Ш. Бронте «Джейн Эйр», Ф. С. Фицджеральд «Ұлы Гэтсби», Х. Ли «Құсты өлтіру», М. Зузак «Кітап ұрысы» және т.б.
Әрбір кездесу белсенді талқылаумен өтті: білім алушылар пікір алмасты, сюжет пен кейіпкерлерді талдады, сұрақтарға жауап беріп, жоғары белсенділік танытты. Клуб жұмысы тілдік дағдыларды, сыни және этикалық ойлауды, сондай-ақ мәдениетаралық коммуникацияны, білім алушылардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)