Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Академия студенті «Shymkent Ma...
16 қыркүйек 2026
1
0
0

Академия студенті «Shymkent Marathon — 2026» жүгіру жарысын сәтті аяқтады

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Шымкент шаһарында жылдың ең белсенді әрі ауқымды спорттық оқиғасы - «Shymkent Marathon - 2026» мерекесі дүркіреп өтті. Салауатты өмір салтын қолдайтын мыңдаған желаяқтардың қатарында біздің де білім алушымыз бой көрсетті.
ВМ-МОА-06-24 тобының білім алушысы Уалихан Мейірлан Әл-Фараби мен Қонаев көшелерін қамтыған 5 км қашықтықты үлкен жігермен жүгіріп өтіп, финишке абыроймен жетті. Марафонда басты мақсат - орын алу емес, өз-өзіңді жеңіп, белгіленген қашықтықты соңына дейін тұрақты жүгіріп өту екенін Мейірлан іс жүзінде дәлелдеді. «Қаламыздың бас көшелерінде мыңдаған адаммен бір толқында жүгіру ерекше әсер сыйлады. Жарыс жолын толық жүгіріп өтіп, мәреге жету - мен үшін үлкен тәжірибе», - дейді білім алушымыз. Спорттық рух танытып, оқу орнымыздың белсенді имиджін көрсеткен Мейірланды құттықтаймыз! Әрбір қадамың сәтті болсын!

Пікірлер орны (0)