
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Жастар саясаты бөлімінің бастамасымен қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шараға «Микробиология, аллергология және иммунология» кафедрасы, «Фармацевттік өндіріс технологиясы» кафедрасы және Дене тәрбиесі орталығының оқытушылары мен білім алушылары белсенді түрде қатысты.
Іс-шара аясында қатысушылар Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мекемесіне барып, орталықтағы қарттар мен әлеуметтік қызмет алушыларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Концерт барысында қатысушылар ән айтып, жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар орталық тұрғындарына арнайы дайындалған сыйлықтар табысталды.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың көңіл күйін көтеру және қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай әлеуметтік-мәдени шаралар жастардың адамгершілік құндылықтарын нығайтып, қоғамдағы өзара қолдау мен қамқорлықты арттыруға ықпал етеді.