
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасында академиялық адалдық бағыты аясында «Академиялық адалдық – адал білімнің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында академиялық адалдық қағидаттарын насихаттау, білім беру үдерісіндегі адалдық пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру және академиялық мәдениетті қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында студенттерге академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары, академиялық этика нормалары және білім алудағы адалдықтың маңызы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Тақырыпты тереңірек түсіндіру мақсатында бейнематериалдар көрсетіліп, бейнематериал негізінде сауалнама жүргізілді.
Сонымен қатар, 3-курс студенттері академиялық адалдық тақырыбына арналған жобаларын қорғап, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Жоба қорғау барысында студенттер адал білім алудың, өз еңбегіне жауапкершілікпен қараудың және академиялық талаптарды сақтаудың маңызын атап өтті.
Іс-шараға Жастар саясаты бөлімінің өкілі Тұңғышбаев Бейбарыс және Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы Жакипова Азиза Сейтжапбарқызы қатысты.
Дөңгелек үстел студенттердің академиялық адалдық туралы түсінігін кеңейтіп, білім беру ортасында адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталды.
Академиялық адалдық – сапалы білімнің, кәсіби жауапкершіліктің және жарқын болашақтың кепілі!