Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Академиялық адалдық – білім б...
12 мамыр 2026
1
0
0

«Академиялық адалдық – білім беру сапасының негізі ретінде»

2026 жылдың 8 мамырында Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы АҚ «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасының ұйымдастыруымен «Академиялық адалдық – білім беру сапасының негізі ретінде» тақырыбында арнайы семинар өтті. Іс-шара академиялық ортада адалдық, әділдік және кәсіби жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ ОҚМА-ның ресми «Академиялық адалдық Кодексін» практикалық тұрғыдан түсіндіруге бағытталды.
Семинар барысында, кафедра аға оқытушысы, магистр Хамза Айдана академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары: адалдық, сенім, ашықтық, құрмет, теңдік, шыншылдық, жауапкершілік, объективтілік, әділдік және академиялық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік толық қамтылды. Білім алушыларға Кодекс талаптарына сәйкес өзара міндеттер мен құқықтар, сондай-ақ плагиат, көшірмешілік, деректерді жалған беру, өзара келісім және бейресми көмек көрсету сияқты бұзушылық түрлері жайында талдады.
Кафедра ПОҚ өкілдері бақылау шараларын ұйымдастыру кезінде «Антиплагиат» жүйесін міндетті түрде қолдану, ғылыми жұмыстарда дереккөздерді дұрыс көрсету (цитаталау, сілтемелеу, әдебиеттер тізімін рәсімдеу) және білім алушыларды сенімді ақпарат көздерін таңдауға баулу ережелеріне тоқталды. Сонымен қатар, академиялық бұзушылық анықталған жағдайда комплаенс-офицерге немесе Этика кеңесіне жүгіну тәртібі, қызметтік тергеу жүргізу механизмдері және шешімге апелляция беру құқығы түсіндірілді.
Семинар қорытындысында қатысушылар академиялық адалдықтың тек ішкі ережелер жиынтығы ғана емес, болашақ дәрігерлер мен денсаулық сақтау мамандарының кәсіби беделі мен білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігінің іргетасы екенін атап өтті. Білім алушылар арасында ашық пікірталас өтіп, оқу процесіндегі нақты жағдаяттар талқыланды.

Пікірлер орны (0)