Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Академиялық адалдық — кәсіби ж...
6 қазан 2026
1
0
0

Академиялық адалдық — кәсіби жауапкершіліктің негізі

2026 жылғы 2 қазанда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Оториноларингология, урология және травматология» кафедрасында профессор-оқытушылар құрамы мен 1, 2, 3-курс резиденттерінің қатысуымен академиялық адалдық мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Кафедра меңгерушісі Ғ.Е. Калдыгозова қатысушыларды ОҚМА Академиялық адалдық кодексінің негізгі ережелерімен таныстырып, оқу, клиникалық және ғылыми-зерттеу қызметінде адалдық пен жауапкершілікті сақтаудың маңызын атап өтті.
Кездесу барысында плагиаттың алдын алу, дереккөздерге дұрыс сілтеме жасау, клиникалық құжаттарды шынайы толтыру, пациенттер туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтау және жасанды интеллектіні белгіленген талаптарға сай қолдану мәселелері талқыланды.
Академиялық адалдықты сақтау — әрбір оқытушы мен резиденттің ортақ міндеті. Адал білім мен жауапты тәжірибе болашақ дәрігерге деген сенімді қалыптастырады!

Пікірлер орны (0)