Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Академиялық адалдық кодексі а...
30 қазан 2026
1
0
0

«Академиялық адалдық кодексі аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Педиатрия-1 кафедрасында алыс шетелдік ВМ-МШБ-05-24 тобының білім алушыларының қатысуымен «Академиялық адалдық кодексі аясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатын Педиатрия-1 кафедрасының ассистенті Балтабаева Б.С. ұйымдастырып, жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық пен әділдік құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ білім беру үдерісіндегі ашықтық пен жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіру.
Тәрбие сағаты барысында Академиялық адалдық кодексінің негізгі қағидалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңыздылығы, академиялық ортадағы әділдік пен жауапкершілік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, білім алушыларға академиялық адалдықты сақтау, плагиатқа жол бермеу, емтихан және білімді бағалау кезінде әділдік таныту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қағидаттарын ұстану қажеттілігі түсіндірілді.
Іс-шара соңында білім алушылар өз ойларымен бөлісіп, академиялық адалдықты сақтау әрбір білім алушының азаматтық және кәсіби жауапкершілігінің маңызды бөлігі екендігі атап өтілді.
Тәрбие сағаты білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайтуға бағытталды.

Пікірлер орны (0)