Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Академиялық адалдық қағидаттар...
29 қыркүйек 2026
1
0
0

Академиялық адалдық қағидаттарын нығайту жұмыстары талқыланды

2026 жылдың 28 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Әдістемелік кеңестің отырысы өтіп, онда академиялық адалдық қағидаттарын одан әрі нығайту және Академиялық адалдық лигасына мүшелікке өту мақсатындағы жұмыстар талқыланды.
Отырыс барысында академияның комплаенс-офицері Пернебаев Нұрғали Әлиханұлы кафедра меңгерушілеріне академиялық адалдық лигасына мүше болу бағытында атқарылатын жұмыстардың жылдық жоспарын таныстырып, оның негізгі міндеттері мен іске асыру тетіктерін түсіндірді.
Жоспарда білім беру үдерісінде академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, білім алушылар мен оқытушылар арасында академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру, академиялық адалдық талаптары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, сондай-ақ тиісті ішкі рәсімдерді жетілдіру мәселелеріне басымдық берілген.
Кафедра меңгерушілеріне жоспарды іске асыру барысында кафедра деңгейінде академиялық адалдық қағидаттарын насихаттау, алдын алу шараларын ұйымдастыру және білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық адалдық талаптарын сақтауына ықпал ететін жұмыстарды күшейту ұсынылды.
Алдағы кезеңде жылдық жоспарға сәйкес белгіленген іс-шараларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру көзделеді.

Пікірлер орны (0)