Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Академиялық адалдық қағидаттар...
1 қазан 2026
1
0
0

Академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға арналған тәлімгерлік сағат өткізілді

Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасында тәрбие жұмысы жоспарының «Құқықтық тәрбие» бағыты аясында тәлімгерлік топтар арасында академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға арналған тәлімгерлік сағат өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларды Академиялық адалдық кодексімен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатпен, Стандартпен және Ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру, сондай-ақ оларды сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Іс-шараның ашылуында кафедра меңгерушісі Ибрагимова Айгүл Гаффарқызы сөз сөйлеп, академиялық адалдық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды және білім алушыларды оқу үдерісінде жауапкершілік пен адалдық танытуға шақырды.
Кездесу барысында кафедра оқытушысы Жамила Дустанова білім алушыларды академиялық адалдықтың негізгі қағидаттарымен, оларды бұзғаны үшін жауапкершілікпен, плагиаттың алдын алу және белгіленген нормаларды сақтау мәселелерімен таныстырды.
Кездесуге ФК 01-24 (тәлімгері – Дустанова Ж.Т.), ФУК 01-26 (2 курс) (тәлімгері – Муютова М.Н.), ФУК 01-26 (3 курс) (тәлімгері – Бейсеева Ш.Н.) топтарының білім алушылары қатысты.
Өткізілген іс-шара білім алушылардың академиялық адалдық қағидаттарын терең түсінуіне, оқу үдерісіндегі жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ адалдық, әділдік және белгіленген ережелерді сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Пікірлер орны (0)