
2026 жылғы 28 қазанда «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ Микробиология, аллергология және иммунология кафедрасының ұйымдастыруымен «Академиялық адалдық – сапалы білім мен әділетті қоғамның негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында м.ғ.к., доцент м.а. Ратбек Сайлаубекұлы, білім алушылар Кумарова Айымжан Аманжоловна және Төле Аружан Балғабайқызы баяндама жасап, академиялық адалдық, білім алушының жауапкершілігі және жасанды интеллектті дұрыс пайдалану мәселелеріне тоқталды. Қатысушылар жағдайлық есептерді талқылап, өзара пікір алмасты.
Қорытынды бөлімде комплаенс-офицер Пернебаев Нұрғали Әлиханұлы, кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Сейтханова Бибігүл Төлегеновна және Медицина факультеті деканының орынбасары Дүйсенбаева Меруерт Мейрамбекқызы сөз сөйлеп, академиялық адалдық мәдениетінің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара соңында білім алушы спикерлерге сертификаттар табысталды.