
2026 жылдың 19 мамыр күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор Ж.О. Нуржанбаева, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы және 1 курс шетел студенттерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және академиялық адалдық қағидаларын сақтау мәселелеріне арналған тәрбиелік-танымдық әңгімелесу өткізілді.
Мақсаты – оқытушылар мен білім алушылар арасында академиялық адалдық қағидаларын насихаттау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, білім беру үдерісінде әділдік пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ сапалы білім мен парасатты қоғам құндылықтарын дәріптеу.
Әңгімелесу барысында Ж.О. Нуржанбаева академиялық адалдықтың білім сапасын арттырудағы маңызына тоқталып, білім алушылардың оқу барысында өз білімін әділ көрсетуі, емтихан барысында тәртіп талаптарын сақтауы, плагиатқа жол бермеуі – болашақ маманның кәсіби қалыптасуындағы маңызды қадам екендігін атап өтті. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың зияны мен оның алдын алу жолдары туралы кеңінен түсіндірілді.
Кездесу соңында қатысушылар академиялық адалдық қағидаларын сақтау – сапалы білім алудың, бәсекеге қабілетті маман қалыптастырудың және қоғамда парасаттылық мәдениетін орнықтырудың басты кепілі екендігін атап өтті.
Мұндай іс-шаралар студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.