
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасында білім алушылар арасында академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастыру және олардың оқу үдерісіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында «Академиялық адалдық» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.Кафедра меңгерушісі м.ғ.д.профессор Бекмурзаева Э.К. білім алушыларға академиялық адалдықтың мәні мен негізгі қағидаттары түсіндірді. Атап айтқанда, оқу және ғылыми жұмыстарды өз бетінше орындау, білімді әділ бағалау, плагиатқа жол бермеу, дереккөздерге дұрыс сілтеме жасау, емтихан мен бақылау жұмыстары кезінде белгіленген талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, білім алушыларға Академиялық адалдық кодексінің талаптары, ішкі тәртіп ережелері және академиялық адалдық нормаларын бұзудың салдары туралы ақпарат берілді. Болашақ медицина мамандары үшін адалдық, жауапкершілік, әділдік және кәсіби этика қағидаттарының маңызы атап өтілді.
Кураторлық сағат соңында әрбір білім алушының академиялық адалдық қағидаттарын сақтауы – сапалы білім алудың, кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың және болашақ медицина маманы ретінде жауапкершілікті сезінудің маңызды шарты екендігі атап өтілді.
Кураторлық сағат жергілікті және алыс шетел топтарына өткізілді.