
2026 жылғы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының (ОҚМА) Педиатрия-1 кафедрасында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес кафедра білім алушыларымен тәрбие ісіне жауапты қызметкер К.М.Нарманов жетекшілігімен «Академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында академиялық адалдық қағидаттарын кеңінен насихаттау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, кәсіби этика нормаларын сақтау және болашақ дәрігерлердің жауапкершілігін арттыру.
Тәрбие сағаты барысында академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары, білім беру үдерісіндегі адалдық пен әділдіктің маңыздылығы, білім алушылардың академиялық жауапкершілігі, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және медициналық мамандықтағы кәсіби этиканы сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, болашақ дәрігерлердің кәсіби қызметінде адалдық, әділдік, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарын басшылыққа алудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында интерн-дәрігерлер тақырып бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісіп, академиялық адалдықты сақтау жолдары жөнінде пікір алмасты. Қатысушылар академиялық адалдықтың сапалы білім алуға, кәсіби құзыреттілікті дамытуға және білікті, жауапты әрі жоғары адамгершілік қасиеттерге ие медицина маманын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
Тәрбие сағатының қорытындысы бойынша интерн-дәрігерлерге академиялық адалдық нормаларын күнделікті оқу үдерісінде және болашақ кәсіби қызметінде сақтау, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану қажеттілігі түсіндірілді.
Аталған іс-шара жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Нәтижесінде интерн-дәрігерлердің академиялық адалдық қағидаттары туралы түсініктерін кеңейтуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыруға және кәсіби этикаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.