Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Академиялық адалдықтың мәні ме...
4 мамыр 2026
1
0
0

Академиялық адалдықтың мәні мен қағидаттары

4.05.26ж. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушылары 1 курс Медицина және Фармация БББ және халықаралық факультетінің білім алушыларына «Академиялық адалдықтың мәні мен қағидаттары» атты тақырыбында түсіндіру-әңгіме жұмысын өткізді.
Мақсаты: білім алушыларға академиялық адалдық қағидаттарын түсіндіру, оқу үдерісінде адалдық пен жауапкершіліктің маңызын көрсету, плагиат пен академиялық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ білім сапасын арттыруға бағытталған дұрыс академиялық мінез-құлықты қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқытушылар академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары, емтихан сессиясы кезіндегі тәртіп ережелері және білім алушылардың жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, плагиат, көшіру және өзге де академиялық бұзушылықтардың салдары мен олардың білім сапасына кері әсері нақты мысалдар арқылы көрсетілді.
Білім алушыларға емтихан сессиясы кезеңінде адал білім алудың маңыздылығы, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту және оқу жетістіктеріне саналы түрде қол жеткізу қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Кездесу барысында студенттер өз сұрақтарын қойып, тақырып бойынша пікір алмасып, белсенді қатысу көрсетті.
Қорыта айтқанда, аталған іс-шара білім алушылардың академиялық мәдениетін арттыруға, сессияға жауапкершілікпен дайындалуына және білім беру үдерісіндегі адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етті.

Пікірлер орны (0)