Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Академиялық мәдениетті қалыпта...
12 қазан 2026
1
0
0

Академиялық мәдениетті қалыптастыру: «Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасында тәрбие сағаты өтті

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы “Химиялық пәндер, биология және биохимия” кафедрасында, оқытушы Т. О.  Абдирова   1,2 курс студенттеріне «Академиялық адалдық кодексі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шараға “Химиялық пәндер, биология және биохимия” кафедрасының меңгерушісі, проф.м.а. Қ. Н. Дәуренбеков Қ.Н., аға оқытушылар және 1,2 курс студенттері қатысты.
Іс-шара барысында білім алушыларға аталмыш кодексте белгіленген негізгі қағидаттар, яғни жемқорлықпен күрес, адалдық, ашықтық, шыншылдық, жауапкершілік, әділдік және академиялық адалдықты бұзуға нөлдік төзімділік туралы толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кафедраның меңгерушісі, проф.м.а. Қ. Н. Дәуренбеков адалдық кодекс жайлы да сөз сөйледі. Сондай-ақ, плагиат, сыбайлас жемқорлық мінез-құлық, жалған ақпарат ұсыну және басқа да бұзушылық түрлері, олардың деңгейлері мен салдары талқыланды.
Студенттерге өз жұмыстарын өз бетінше орындау, дереккөздерге дұрыс сілтеме жасау, емтихандарда тыйым салынған құралдарды пайдаланбау және этикалық нормаларды мүлтіксіз сақтау міндеттері еске салынды. Кодекс талаптарын бұзған жағдайда қолданылатын жауапкершілік шаралары да айтылды. 
Тәрбие сағаты білім алушылардың академиялық мәдениетін қалыптастыруға, адалдық пен жауапкершілік сезімін арттыруға, сондай-ақ академия имиджін қолдауға бағытталды.

Пікірлер орны (0)