Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Академиялық ұтқырлық аясында б...
28 қазан 2026
1
0
0

Академиялық ұтқырлық аясында бейорганикалық және медициналық химия бойынша дәрістер курсы өткізілді

"Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті" КЕАҚ-да химиялық пәндер, биология және биохимия кафедрасының доцент м.а. Туребекова Гульзахира Андасқызы  академиялық ұтқырлық бағдарламасынан сәтті өтті. Академиялық ұтқырлықтың жалпы көлемі 72 сағат жалпы және биологиялық химия кафедрасында жүргізілді.
Академиялық ұтқырлықтың мақсаты педагогикалық және әдістемелік тәжірибе алмасу, кәсіби құзыреттілікті жетілдіру, қабылдаушы университеттің білім беру процесін ұйымдастыруды зерттеу және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту болды.
Академиялық ұтқырлық шеңберінде "Фармация", "Медицина", "Педиатрия", "Медициналық-профилактикалық іс" білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттері үшін "Бейорганикалық химия" және "Медициналық химия" пәндері бойынша дәріс және практикалық сабақтар өткізілді.
Дәріс сабақтарында химияның теориялық негіздері, химиялық элементтердің биологиялық рөлі, адам ағзасындағы химиялық процестердің заңдылықтары, ерітінділердің коллигативті қасиеттері, осмос, осмостық қысым, плазмолиз, гемолиз, қышқылдық-негіздік процестері, ацидоз, алколоз, рН-сутек көрсеткіші, буферлік ерітінділер, сондай-ақ алынған білімнің маңызы медицина және фармация үшін қарастырылды. 
Практикалық сабақтарға есептелген және ситуациялық есептерді шешу, химиялық эксперименттерді орындау ("p, d- элементтерінің қасиеттері", "Әртүрлі концентрациядағы ерітінділерді дайындау"), нәтижелерді талдау және кәсіби бағытталған мәселелерді талқылау кірді. Сабақ барысында заманауи білім беру технологиялары қолданылды: проблемалық-бағдарланған оқыту; ситуациялық және кәсіби бағдарланған тапсырмалар; жеке және топтық жұмыс, цифрлық білім беру ресурстары.


Осылайша, жүргізілген жұмыс химиялық пәндерді оқыту сапасын арттыруға, озық педагогикалық тәжірибе алмасуға және академиялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті.

Пікірлер орны (0)