Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Академиялық ұтқырлық: Смаил Е....
28 наурыз 2026
1
0
0

Академиялық ұтқырлық: Смаил Е.М. доцентінің ЖҚМА жұқпалы аурулар кафедрасына сапары

2026 жылғы 16–21 наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жұқпалы аурулар кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында АҚ «Семей медицина университетінын» Смаил Ербол Муслимович доцентінің сапары өтті.
Сапардың мақсаты - интернатура және резидентура деңгейінде инфекционист дәрігерлерді даярлауда заманауи білім беру және клиникалық тәсілдермен алмасу.
Сапар барысында дәрістер, практикалық сабақтар, науқастардың клиникалық талдаулары өткізіліп, жұқпалы ауруларды диагностикалау мен емдеудің дәлелді медицинаға негізделген өзекті мәселелері талқыланды.
Білім алушылардың клиникалық ойлауын жетілдіруге және заманауи білім беру технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлінді.
Бұл сапар кафедралар арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, жұқпалы аурулар саласында озық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Жұмыс қорытындысы бойынша жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту және академиялық ұтқырлықты кеңейту жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Пікірлер орны (0)