Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары ЮКМА студенттеріне дропперлік...
27 сәуір 2026
1
0
0

ЮКМА студенттеріне дропперлік пен интернет-алаяқтықтың қауіптері туралы айтылды.


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында маңызды әрі өзекті тақырыпқа арналған кездесу өтті. Аталған оқу орнына Alatau City Bank өкілі Болысбекова Меруерт Өмірзаққызы арнайы келіп, студенттерге қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойынша мазмұнды баяндама жасады.
Кездесу барысында спикер қазіргі таңда кеңінен таралып жатқан дропперлік қызмет жайлы және дроппер болудың қандай қауіптері бар екенін, сондай-ақ мұндай әрекеттерге кездейсоқ немесе әдейі араласқан адамдардың қандай құқықтық жауапкершілікке тартылатынын нақты мысалдар арқылы жеткізді.
Сонымен қатар, алаяқтықтың заманауи түрлері, яғни интернет арқылы жасалатын қаржылық қылмыстар, жалған қоңыраулар, фишингтік сілтемелер және әлеуметтік желілердегі алдау тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Студенттерге өздерінің жеке деректерін қорғау, банк карталары мен шоттарының қауіпсіздігін сақтау, күмәнді ұсыныстардан сақ болу жолдары түсіндірілді.
Іс-шараға Фармация және медицина факультетінің студенттері белсенді түрде қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кездесу интерактивті форматта өтіп, қатысушылар нақты өмірлік жағдайларды талқылап, пайдалы кеңестер алды.

Пікірлер орны (0)