
«Қазақстан тарихы және әллеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Л.Т.Махатова 1 курс «Медицина» БББ шетел студенттерімен «Алғыс — достық көпірі» атты тәрбие сағатын өтті.
Мақсаты: Шетел студенттері арасында достық, өзара құрмет пен ынтымақтастықты нығайту, алғыс айту мәдениетін қалыптастыру және көпұлтты ортада татулық пен бірлікті дәріптеу.
Шара барысында «Алғыс» ұғымының адам өміріндегі маңызы талқыланып, әр елдегі алғыс айту дәстүрлері жөнінде қызықты пікірлер айтылды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдіріп, достық пен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, танымдық және шығармашылық бағыттағы тапсырмалар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.
Іс-шара шетелдік студенттердің жаңа әлеуметтік ортаға бейімделуіне оң әсерін тигізіп, ұлтаралық татулық пен бірлік құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.
Шара соңында достық, бірлік және сыйластық ұғымдарының маңыздылығы ерекше атап өтіліп, мұндай тәрбиелік бағыттағы кездесулердің студенттердің рухани дамуына және жаңа ортаға бейімделуіне оң ықпал ететіні айтылды.
«Алғыс — достық көпірі» атты тәрбие сағаты көпұлтты студенттік ортадағы татулық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.