Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Алтын Орда Quiz Night» атты и...
18 мамыр 2026
1
0
0

«Алтын Орда Quiz Night» атты интеллектуалды кеш өтті

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының доцент м.а. М.У. Турадиловтың ұйымдастыруымен 1 курс білім алушылары арасында «Алтын Орда Quiz Night» атты интеллектуалды кеш өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – Алтын Орда тарихын тереңірек таныту, оның қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы тарихи маңызын насихаттау және «Алтын Орда» брендін Қазақстанмен тығыз байланыста ілгерілету.
Интеллектуалды кеш барысында қатысушылар Қазақстан тарихы, Алтын Орда дәуірі, қоғамдық-саяси даму, мәдени мұра және тарихи тұлғалар тақырыптары бойынша өз білімдерін сынады. Quiz форматына негізделген сайыс бірнеше кезеңнен тұрып, білім алушылардың логикалық ойлау қабілетін, жылдам шешім қабылдау дағдыларын және топпен жұмыс істеу мәдениетін дамытуға бағытталды.

Кешке қатысқан студенттер ерекше белсенділік танытып, тарихи деректерге қатысты қызықты сұрақтарға жауап берді. Әр кезеңде қатысушылар өздерінің жан-жақты дайындықтарын көрсетіп, тартысты бәсеке қалыптасты. Сонымен қатар, іс-шара барысында Алтын Орданың Еуразия кеңістігіндегі тарихи рөлі, қазақ халқының этникалық және мәдени қалыптасуына қосқан үлесі жөнінде мазмұнды пікірлер айтылды.
Ұйымдастырушы М.У. Турадилов мұндай интеллектуалды кездесулер жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
Іс-шара соңында белсенді қатысушылар мен жеңімпаз командалар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. «Алтын Орда Quiz Night» кеші білім алушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың тарихи танымын кеңейткен мазмұнды әрі тағылымды кездесу болды.

Пікірлер орны (0)