Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Амал мерекесі аталып өтті
17 наурыз 2026
1
1
1

Амал мерекесі аталып өтті

14 Наурыз – Амал мерекесі, Көрісу күні. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Жалпы тәжірибелік дәрігер 02» кафедрасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Жалпы тәжірибелік дәрігер 2» кафедрасының меңгерушісі Досыбаева Г.Н., кафедра ұстаздары мен 612, 613, 614, 619, 623 топтарының дәрігер-интерндері қатысты. Қатысушылар бір-бірімен көрісіп, амандық-саулық сұрасып, ізгі тілектерін білдірді. Ұлттық дәстүріміздің маңыздылығы айтылып, жас буынға салт-дәстүрді құрметтеу мен оны дәріптеудің мәні түсіндірілді.
Көрісу күні – халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан игі дәстүрлерінің бірі. Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандық сұрасып, татулық пен бірліктің белгісі ретінде жылы лебіздерін білдіреді. Осындай тағылымды шаралар жастардың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттырып, ата-бабадан қалған дәстүрдің жалғасуына ықпал етеді.
Мереке жылы әрі көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушылар бір-біріне ақжарма тілектерін айтты.

Пікірлер орны (1)
Абдулла
керемет