Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Аналарға тағзым – ұрпаққа тағы...
6 наурыз 2026
1
2
1

Аналарға тағзым – ұрпаққа тағылым

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін қарсаңында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы «Отбасылық медицина» кафедрасының ұжымы игі шара өткізді. Кафедра атынан кафедра ассистенті, жоғары санатты терапевт-кардиолог Аташова Күмісай Құлдыраққызы ІЖТДО 29-24, ІТҚ-03-25 топтары интерн-дәрігерлерімен бірге тыл ардагерлерін мерекемен құттықтап қайтты.
Басты мақсат – қатары сиреп бара жатқан, көзі тірі аңыз — тыл ардагерлеріне шексіз құрмет көрсету. Болашақ дәрігерлердің бойында үлкенге ізет пен мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру.
«Бүгінде арамызда тыл ардагерлері өте аз қалды. Сондықтан әрбір қарияның батасын алу, олардың ерлігі мен еңбегін ұлықтау — біз үшін үлкен мәртебе әрі қасиетті парыз», – деп атап өтті Күмісай Құлдыраққызы.Кездесу соңында ақ халатты абзал жандар аяулы аналарымызға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етті. Өз кезегінде қариялар жас мамандарға ақ батасын беріп, ризашылықтарын жеткізді.

Пікірлер орны (1)
Қауызбай Жұмалы Әріпбайұлы
👍👏💥