
Шығыс академиялық мобильділік бағдарламасы аясында 2026 жылғы 4 мамырдан 16 мамырға дейін «Микробиология, иммунология және аллергология» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Сейтханова Бибігүл Төлегенқызы және «Шұғыл медицина және мейірбике ісі» кафедраларының меңгерушісі, Медицина факультетінің деканы м.ғ.к., доцент Сейдахметова Айзат Әшімханқызы Түркияның жетекші университеттерінің бірі – Анкара медициналық ғылымдар университетінде халықаралық тағылымдамадан өтті. Сапардың мақсаты – академиялық ынтымақтастықты нығайту, медициналық білім беру саласында тәжірибе алмасу және заманауи білім беру мен клиникалық технологиялар саласындағы құзыреттерді дамыту болды.
Медициналық ғылымдар университеті 1903 жылы Анкара мен Стамбул қалаларында құрылған және оның тарихы 120 жылдан астам. Бұл Түркиядағы медициналық ғылымдарға маманданған алғашқы мемлекеттік университет, шетелде мектептер мен институттар ашуға ресми рұқсат алған. Азаматтық және азаматтық емес студенттермен қатар, Медициналық ғылымдар университеті Қорғаныс министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің атынан оқитын әскери студенттерді, сондай-ақ шетелдік әскери студенттерді қабылдайды. Әскери медицина факультетінде Қазақстаннан 10 студент оқиды.
Сапар барысында медицина факультеті мен мейіргер ісі факультеттерімен танысты, олар медициналық қауымдастықта ең үздік деп саналады, себебі онда ең білікті әрі тәжірибелі дәрігерлер мен мейіргер мамандары бар, барлығы да негізгі медициналық ғылымдар мен клиникалық пәндер бойынша даярлықтан өткен. Оқу бағдарламасы студенттерге кәсіби және клиникалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, зерттеу және аналитикалық қабілеттерін дамытуға бағытталған медициналық білім ұсына отырып, этикалық қағидаларды ұстануды қамтамасыз етеді.

Академиялық алмасу барысында Сейтханова Бибігүл Төлегенқызы мен Сейдахметова Айзат Әшімханқызы Гюльхане кампусына сапарлары кезінде ректор, профессор Кемалеттин Айддиндeн оның кеңсесінде қабылдау алды. Олар Түрік жоғары медициналық білім беру жүйесімен танысып, оқыту және әдістемелік сессияларға қатысып, Түрік университетінің әріптестерімен бірлескен сабақтар мен пікірталастар өткізді. Атап айтқанда, оқыту процесіне цифрлық технологияларды, цифрлық платформалар мен электрондық ресурстарды, салалараралық модульдерді енгізуге және ғылымды білім беру процесіне интеграциялауға ерекше назар аударылды. Университетте ректормен, проректорлармен, факультет декандарымен және клиниканың бас дәрігерімен университеттер арасындағы меморандум аясындағы жоспарларды талқылау үшін кездесулер өткізілді. Университеттік клиникада студенттердің клиникалық дайындығы, құзыреттілікті бағалау және кері байланыс әдістері бойынша үздік тәжірибелерді бөлісу семинары өткізілді. Оқыту үдерісін ұйымдастырудың жоғары деңгейі, тәжірибеге бағытталған тәсіл және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға түрік әріптестерінің зор қызығушылығы ерекше атап өтілді. SBÜ Гюльхане клиникасында барлық факультеттердің төртінші–алтыншы курс студенттері амбулаторлық клиникада, стационар бөлімдерінде және онкология, трансплантология, гастроэнтерология, кардиология, эндокринология, пульмонология және басқа да бөлімдерде практикалық дайындықтан өтеді.
Сонымен қатар, сапар барысында бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларының, студенттер мен қызметкерлер алмасуының, сондай-ақ онлайн курстар мен халықаралық конференцияларды ұйымдастырудың перспективалары талқыланды. Алмасу нәтижесінде қатысушылар түрік әріптестерінің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін, заманауи инфрақұрылымды және халықаралық ынтымақтастыққа белсенді қатысуға деген ниетті атап өтті. Талқылаулар нәтижесінде бірлескен зерттеулер жүргізу және университетаралық ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлары жасалды.
15 мамырда университет кампусында SBÜ SPORFEST'26 шарасының парады мен ресми ашылуы өтті. Ректор, профессор доктор Кемалеттин Айыдынның бастамасымен академиялық және әкімшілік қызметкерлер мен студенттер шеруге қатысты. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аяқталғаннан кейін бірлескен білім беру жобаларын, ғылыми-зерттеу бастамаларын және студенттер мен қызметкерлер алмасуын жүзеге асыруды қамтитын ынтымақтастыққа келісімдерге қол қойылды.