Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Ақылмен ар өлшенген: буллингке...
6 мамыр 2026
1
0
0

Ақылмен ар өлшенген: буллингке жол жоқ

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы М. М. Маликов 1 курс «Медицина» факультетінің студенттеріне «Ақылмен ар өлшенген. Балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа және буллингке қарсы ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен буллингтің мәнін, негізгі түрлерін (физикалық, психологиялық, кибербуллинг), олардың бала денсаулығына және тұлғалық дамуына тигізетін кері әсерін жан-жақты түсіндіру. Сонымен қатар, болашақ медицина мамандары ретінде олардың кәсіби және әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, адам құқықтарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға үлес қосуға ынталандыру көзделді.
Іс-шара барысында оқытушы тақырыптың өзектілігіне ерекше тоқталып, қазіргі қоғамдағы буллинг мәселесінің кең таралу себептерін талдады. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы агрессияның пайда болу факторлары, оның ішінде отбасындағы тәрбиенің рөлі, әлеуметтік орта, ақпараттық кеңістіктің ықпалы туралы айтылды.
Студенттерге буллингтің құрбаны болған балалардың психологиялық жағдайы, олардың эмоционалдық күйзелісі, өзіне деген сенімнің төмендеуі, қоғамнан оқшаулану сияқты салдарлар нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Сонымен қатар, мұндай жағдайлардың болашақта түрлі психосоматикалық ауруларға, күйзеліс пен мазасыздыққа әкелуі мүмкін екендігі атап өтілді.
Кездесу қорытындысында студенттер балалардың құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу және салауатты әлеуметтік орта қалыптастыру жолында белсенді азаматтық ұстаным танытудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби қызметінде де үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.

Пікірлер орны (0)