Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Аса қауіпті жұқпалы аурулар мә...
10 сәуір 2026
1
0
0

Аса қауіпті жұқпалы аурулар мәселелері бойынша облыстық іс-шара

2026 жылғы 7 сәуірде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының базасында Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен Облыстық инфекционистер қоғамының отырысы өткізілді. Отырыс барысында әлемде және өңірде өзекті болып отырған аса қауіпті жұқпалы аурулардың (ҚКГҚ, сібір жарасы, тырысқақ, оба және маймыл шешегі) диагностикасы, емі және оларды жүргізу алгоритмдері талқыланды.
Іс-шараның мақсаты — медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша білімін жетілдіру және тәжірибелік дағдыларын нығайту болды.
Іс-шараға инфекционист дәрігерлер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, жедел медициналық жәрдем қызметінің дәрігерлері мен фельдшерлері, сондай-ақ медициналық ұйымдардың эпидемиолог мамандары қатысты.
Іс-шара барысында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жұқпалы аурулар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы аса қауіпті инфекциялар бойынша өзекті мәселелерге арналған баяндамалар жасады, оның ішінде клиникалық ерекшеліктер, диагностикалық әдістер, емдеу тактикасы және эпидемияға қарсы іс-шаралар қамтылды:
Абуова Г.Н. — жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор;
Бердалиева Ф.А. — жұқпалы аурулар кафедрасының доценті, PhD;
Сарыпбекова Л.Л., Ауесханов С.П., Нурмагамбет С. — кафедра ассистенттері.
Қатысушылармен тәжірибелік мәселелер талқыланып, нақты клиникалық жағдайлар бойынша пікір алмасу жүргізілді.

Пікірлер орны (0)