
2026 жылдың 14 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Жалпы тәжірибелік дәрігер – 2 кафедрасында “Атеросклероз профилактикасы” тақырыбында семинар өтті. Семинарды кардиолог,”Жүрек орталығының” дәрігері,Шымкент қаласының бас липидологы - Ормаханова Зауре Икрамовна жүргізді.
Іс-шараны кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Досыбаева Гульжан Нурбековна , ұйымдастырды.Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы және ІЖТДҚ-26-26, ІЖТДҚ-26-27, ІЖТДҚ-17-26, ІЖТДҚ-26-28 топтарының интерндері қатысты.
Семинар барысында атеросклероздың:
— даму себептері мен қауіп факторлары;
— клиникалық белгілері;
— асқынулары;
— диагностикасы;
— алдын алу жолдары талқыланды.
Қатысушылар жүрек-қантамыр жүйесінің денсаулығына жауапкершілікпен қараудың және атеросклероздың алдын алудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — атеросклероз туралы білімді арттыру, қауіп факторларын ерте анықтау және аурудың алдын алуға деген жауапкершілікті қалыптастыру. Денсаулықты сақтау — ауруды емдеуден бұрын оның алдын алудан басталады!