Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Атеросклероздың алдын алу» ап...
17 қыркүйек 2026
1
0
0

«Атеросклероздың алдын алу» апталығы

2026 жылғы 10 қыркүйек күні Қалалық емхана №5-те пациенттер арасында «Атеросклероздың алдын алу» апталығы өткізілді. Бұл іс-шара Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының интерндері, оқытушылары және емхана пациенттері үшін маңызды шаралардың бірі болды.
Іс-шараны медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер - Досыбаева Гулжан Нурбекқызы, ВОП-2 кафедрасы, Қалалық емхана №5 өкілі Басшының медициналық қызмет көрсету сапасын сараптау жөніндегі орынбасары Құтыбаева Құралай Мырзабековамен бірлесіп ұйымдастырды.
Неліктен бұл маңызды?
Пациенттер үшін – жүрек-қантамыр жүйесінің денсаулығы туралы пайдалы ақпарат алу, атеросклероздың қауіп факторларын білу және дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салты бойынша ұсыныстар алу мүмкіндігі.
Біз, интерндер үшін – пациенттермен қарым-қатынас жасау, профилактикалық жұмыстар жүргізу және медициналық ағарту дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін құнды тәжірибе.
Апталық барысында пациенттердің артериялық қан қысымы өлшенді, сауалнама жүргізілді, атеросклероздың негізгі қауіп факторлары түсіндірілді, дұрыс және теңгерімді тамақтану туралы айтылды. Майлы және қуырылған тағамдарды, трансмайлар мен тұзды шамадан тыс қолдануды шектеу қажеттілігі түсіндірілді. Дене белсенділігінің маңыздылығы, темекі шегудің қан тамырларына зияны және артериялық қан қысымын, холестерин мен қандағы глюкоза деңгейін тұрақты бақылаудың маңыздылығы айтылды.

Пікірлер орны (0)