
Жақында Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, халық арасынан талантты жастарды іздеп табу, олардың көркемсөз оқу өнеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Көркемсөз оқу шеберлері» атты байқау өткізді. Әр жылда түрлі өзгешеліктерімен ерекшеленетін биылғы байқау қазақтың кемеңгер ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығы мен қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгер Сайын Мұратбековтің 90 жылдығына арналды.
Қалааралық байқауға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының аға оқытушысы Д.Ж.Кемелханның жетекшілігімен 1 курс «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының білім алушысы Сеитжапбар Айғаным Ақылқызы қатысып, М.Мақатаевтың «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі жатқа оқып, С.Мұратбековтың «Жалқау» әңгімесінің кейіпкерін шеберлікпен орындап шығып, алғыс хат және сыйлықпен марапатталды.
