
2026 жылғы 11 қыркүйекте «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушысы А.Б. Турматованың ұйымдастыруымен 1 курс «Стоматология» білім беру бағдарламасының білім алушылары арасында «Бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында отбасының қоғамдағы рөлін түсіндіру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, өзара сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ отбасы мен қоғамның тұрақты дамуы арасындағы өзара байланысты түсіндіру.
Дөңгелек үстел жұмысына «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Жанат Оралбайқызы Нуржанбаева және ОҚМА педагог-психологы Динара Бахытбекқызы Еспенбетова қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді. Мамандар отбасыдағы өзара түсіністік, сыйластық, жауапкершілік және психологиялық қолдаудың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара барысында білім алушылар ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының «Толық адам» концепциясын талқылап, оның адамгершілік, жауапкершілік, еңбекқорлық және ізгілік қағидаттарының отбасылық тәрбие мен қазіргі қоғам үшін маңызын қарастырды. Қатысушылар тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салып, сұрақ-жауап форматында пікір алмасты.
Іс-шараның мәдени бөлімінде білім алушылар қазақ халқының дәстүрлі ән-күйлерін орындап, ұлттық өнеріміз бен мәдени мұрамызға деген құрметтерін көрсетті. Ән мен күй арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыруға ерекше мән берілді.
Дөңгелек үстел білім алушылардың отбасылық құндылықтарға деген жауапкершілігін арттыруға, адамгершілік қасиеттерді дамытуға және берік отбасы – тұрақты әрі бақытты қоғамның негізі екендігін түсінуге ықпал етті.