Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Білім алушыларға «Адалдық саға...
29 қыркүйек 2026
1
0
0

Білім алушыларға «Адалдық сағаты» өткізілді

2026 жылғы қыркүйек айында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы 1–2 курс білім алушыларына «Адалдық сағатын» өткізді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға академиялық адалдықтың, парасаттылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің маңызын түсіндіру, білім беру үдерісінде адалдық қағидаттарын сақтауға бағыт беру.
Дәріс барысында білім алушыларға ОҚМА-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және академиялық адалдық қағидаттарын қамтамасыз ету бағытында арнайы бөлімнің жұмыс істейтіні, сондай-ақ аталған бағыттағы жұмысты комплаенс офицер Пернебаев Нұрғали Әлиханұлы үйлестіретіні туралы ақпарат берілді.
Білім алушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, пара алу мен пара беруге жол бермеу, қызметтік мүмкіндіктерді жеке мақсатта пайдаланбау, академиялық адалдық талаптарын сақтау және кез келген заңсыз әрекеттерге бейжай қарамау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, академиялық адалдықтың негізгі қағидаттары – емтихан және аралық бақылау жұмыстары кезінде адалдық таныту, плагиатқа жол бермеу, өзгенің еңбегін рұқсатсыз пайдаланбау, оқу нәтижелерін әділ қалыптастыру және жауапкершілікпен әрекет ету екені атап өтілді.
Іс-шара барысында білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және академиялық адалдық талаптарын сақтау бойынша пікір алмасты.
Қорытындысында, білім алушыларға адалдық пен парасаттылық тек білім беру үдерісіндегі талап емес, болашақ маманның кәсіби және азаматтық жауапкершілігінің маңызды негізі екені түсіндірілді. Іс-шара білім алушылардың құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, академиялық ортадағы адалдық құндылықтарын нығайтуға бағытталды.

Пікірлер орны (0)