
2026 жылғы 15 қазанда Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы М. М. Маликовтың ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне арналған «Бағалау, емтихан өткізу, білім беру грантын тағайындау, жатақханаға орналастыру және білім беру ұйымдарына қабылдау кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен білім беру жүйесіне тигізетін кері әсерін түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, академиялық адалдық қағидаларын насихаттау және әділдік пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында білім беру үдерісіндегі ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, емтихан мен бағалау кезінде академиялық адалдықты сақтау, білім беру грантын тағайындау және жатақханаға орналастыру рәсімдерінің заңдылығы мен ашықтығы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде заңсыз артықшылықтарға, таныстыққа, сыйлық ұсынуға және парақорлық әрекеттеріне жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар студенттердің азаматтық ұстанымын нығайтып, құқықтық мәдениетін арттыруға, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.