
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен таныстыру мен түсіндіру мақсатында медицина және фармацевтикалық білім беру бағдарламасының білім алушылары мен магистранттарына тәрбие сағаттарын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: білім алушылар мен магистранттарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы денсаулық сақтау мен тәрбие саласына қатысты міндеттерді түсіндіру, олардың кәсіби жауапкершілігін, медициналық этикасын, академиялық адалдығын, отаншылдық және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
Жолдауда халық денсаулығын сақтау, медициналық инфрақұрылымды жаңарту және білікті дәрігерлер даярлау маңызды міндеттер ретінде белгіленді. Елімізде перинаталдық орталықтар, балалар ауруханалары, жедел медициналық көмек станциялары және оңалту орталықтарын салу жүзеге асырылатын болады, сонымен қатар дәрігерлердің жалақысын 40 пайызға арттыру елімізде дәрігер мәртебесінің маңыздылығын арттыра түсетін болады.
Медициналық жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары үшін бұл міндеттер кәсіби білімді терең меңгеруді, клиникалық дағдыларды жетілдіруді және заманауи технологияларды тиімді қолдануды талап етеді. Болашақ дәрігер тек білімді маман ғана емес, пациентке жанашырлық танытатын, медициналық этиканы, академиялық адалдықты және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтайтын жауапты азамат болуы тиістігі биылғы Жолдаудың өзекті мәселесі.
Сондықтан биылғы Жолдауда Президентіміз медицина студенттері мен магистранттарын тәрбиелеуде отаншылдыққа, адал еңбекке, адам өмірін құрметтеуге, мейірімділікке және үздіксіз кәсіби дамуға ерекше көңіл бөлінуі қажеттілігі бар екендігін нақтылап берді.
Медициналық білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарының кәсіби білімі мен адамгершілік тәрбиесі – салауатты ұлт негізі. Білімді, тәрбиелі және жауапкершілігі жоғары медицина маманы – халық денсаулығын жақсартудың және Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастырудың негізгі тірегі.