
1 қыркүйек - Білім күніне орай «Отбасылық медицина» кафедрасында «Біліммен нұрлан болашақ» атты салтанатты іс-шара өтті. Жиынның басты мақсаты — білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ғылым мен білімнің маңызын ұғындыру, жастарды ізденімпаздыққа, жауапкершілікке және отансүйгіштікке баулу. Сондай-ақ кафедра ұжымы мен студенттер арасындағы тығыз байланысты нығайтып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру көзделді.
Іс-шараның негізгі сәттері:
Алғашқы құттықтау сөзді кафедра меңгерушісі Жұмалы Әріпбайұлы Қауызбай білім алушыларға жылы лебізін білдіріп, сапалы білім мен кәсіби біліктілікті арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Әрі қарай кафедра оқу ісі меңгерушісі, денсаулық саутау магистрі Кулзира Кенесовна Салхожаева сөз сөйлеп, дәрігер-интерндердің білімнің қоғамдағы рөлі мен бәсекеге қабілетті маман болу төңірегінде ой бөлісіп, алдағы оқу жылына арналған кафедраның мақсат-жоспарларымен бөлісті.
Кездесу білім алушыларға серпін беріп, олардың білімге деген ынтасын арттыруға зор ықпал етті.