Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Біліммен нұрланған болашақ»
28 қыркүйек 2026
1
0
0

«Біліммен нұрланған болашақ»

2026 жылғы 24 қыркүйекте «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушысы А.Б. Турматованың ұйымдастыруымен «Стоматология» білім беру бағдарламасының 1-курс білім алушыларына арналған «Біліммен нұрланған болашақ» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, сапалы білімнің жеке тұлға қалыптастырудағы және болашақ кәсіби маман ретінде дамудағы маңызын түсіндіру, білім алушыларды ізденуге, үздіксіз білім алуға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға ынталандыру.
Іс-шара барысында білім мен ғылымның адам өміріндегі рөлі, кәсіби білімді жетілдірудің маңызы, мақсат қою, өзін-өзі дамыту және болашақ маман ретінде қалыптасу мәселелері талқыланды. Білім алушылар тақырып аясында өз ой-пікірлерін білдіріп, білімнің кәсіби жетістікке жетудегі маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.
Іс-шара нәтижесінде білім алушылардың білім алуға деген ынтасын арттыру, өздігінен іздену және кәсіби тұрғыдан даму қажеттілігін түсіну деңгейі нығайтылды. Студенттер білімді болашақ кәсіби қызметінің негізгі құндылығы ретінде қарастырып, жеке мақсаттарын айқындаудың, жауапкершілік пен еңбекқорлықтың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, білім алушылардың өзара пікір алмасу, өз ойын еркін жеткізу және талдау дағдылары жетілдірілді.
Қорытындылай келе, «Біліммен нұрланған болашақ» іс-шарасы студенттердің білімге деген оң көзқарасын қалыптастырып, олардың тұлғалық және кәсіби дамуына бағыт-бағдар берді. Білім алушыларға қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті маман болу үшін сапалы біліммен қатар, үздіксіз ізденіс, өзін-өзі дамыту және кәсіби жауапкершілік қажет екені түсіндірілді. Іс-шара барысында көтерілген мәселелер студенттердің болашаққа нақты мақсат қойып, өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға деген ұмтылысын арттыруға ықпал етті.

Пікірлер орны (0)