Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары «Биология және химия пәндерін...
30 наурыз 2026
1
0
0

«Биология және химия пәндерін оқытуда жасанды интеллект құралдарының тиімділігі мен өзектілігі»

2026 жылдың 26 наурызында жоғары оқу орындары арасында  «Биология және химия пәндерін оқытуда жасанды интеллект құралдарының тиімділігі мен өзектілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға өңіріміздегі университеттердің оқытушылары мен мамандары қатысып, білім беру үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары талқыланды. Дөңгелек үстелдің мақсаты-«Биология және химия пәндерін оқытуда жасанды интеллект құралдарының тиімділігі мен өзектілігі»тақырыбын талқылау, оларды оқу процесіне енгізудің мүмкіндіктері мен шектеулерін анықтау, практикалық ұсыныстар әзірлеу және «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының»АҚ-да  оқу үдерісіне жасанды интеллектті интеграциялау стратегиясын қалыптастыру болды. Іс-шараны «Химиялық пәндер, биология және биохимия» кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, профессор міндетін атқарушы Дәуренбеков Қанат Нарбекұлы ашты. Өз сөзінде биология және химия пәндерін оқытуда жасанды интеллект құралдарының рөлінің артып келе жатқан маңыздылығын атап өтті және осы тақырыптағы дөңгелек үстелдің өзектілігін ерекше баса көрсетті. Содан кейін модератор, оқытушы Орынбек Ажар  Ғаниқызы сөз кезегін алып, іс-шараның құрылымы мен регламенті туралы түсіндірме берді. Ашылу барысында екі бейнеролик көрсетілді: біріншісінде жасанды интеллект ұғымына тоқталынса, екіншісінде ЖИ көмегімен дайындалған бейнеролик тамашаланды. Баяндамашылар жасанды интеллект құралдарының биологиялық және химиялық процестерді интерактивті модельдеу, визуализациялау және жекелендірілген оқыту арқылы оқу сапасын арттырудағы мүмкіндіктері мен практикалық мысалдарын көрсетті. Қатысушылар белсенді түрде өз ойларымен, ұсыныстарымен және тәжірибелерімен бөлісті. Әрбір сөз қызықты талқылауларға ұласып, ортақ ой-пікір алмасуға мүмкіндік берді. Бұл кездесу жаңа мәліметтер алуға және өзара тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік болды.  Іс-шараға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің химия ғылымдарының кандидаты, доцент Шитыбаев Серикбек Алтынбекович, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің химия ғылымдарының кандидаты, доцент Ермаханов Мырзабек Нысанбекович, Арыстанбаев Құттыбек Есенгелдиевич, т.ғ.к., профессор м.а., фармацевтика факультетінің деканы, Токсанбаева Ж.С., «Фармация» ББ АК төрайымы, фармакогнозия кафедрасының профессор м.а., Торланова Ботагөз Оңғарқызы, «Фармацевтикалық өндірістік технологиясы»  ББ АК төрайымы, фармацевтика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а., профессор-оқытушы құрам,жас мамандар мен кафедра қызметкерлері қатысты. Бұл кездесу жаңа мәліметтер алуға және тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік болды. Ұйымдастырушылар тарапынан мұндай жиындарды тұрақты негізде өткізу ұсынылды.

Пікірлер орны (0)