
2026 жылдың 1 қазанында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Медицина факультетінде «Медицина» және қысқартылған «Медицина» білім беру бағдарламаларының 1-курс білім алушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді академиядағы білім беру ортасына бейімдеу, оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібімен таныстыру және білім алушының жауапкершілігін түсіндіру.
Кездесу барысында Медицина факультетінің деканы А. Сейдахметова бірінші курс студенттеріне сапалы білім алудың негізгі талаптары, сабаққа тұрақты қатысу, оқу тапсырмаларын уақытында орындау және академиялық адалдық нормаларын сақтау жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ қоғамдық өмірге белсенді араласудың, кәсіби және тұлғалық дамуға ұмтылудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында оқу орнының комплаенс офицері Пернебаев Нұрғали Әлиханұлы да сөз сөйлеп, білім алушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, оның алдын алу және оған жол бермеу мәселелері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, академиялық адалдық қағидаттарына тоқталып, білім алушылардың оқу үдерісінде адалдық пен жауапкершілік танытуы қажеттігін түсіндірді.
Білім алушыларға «Интегралды GPA» көрсеткішін қалыптастыру тәртібі, академияның ішкі ережелері және оқу барысында сақталуға тиіс талаптар түсіндірілді.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, қажетті ақпарат алды. Мұндай кездесулер бірінші курс білім алушыларының жаңа ортаға бейімделуіне және алдағы оқу міндеттерін дұрыс жоспарлауына мүмкіндік береді.