Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары Бірінші курс студенттеріне түс...
22 қыркүйек 2026
1
0
0

Бірінші курс студенттеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Фармация факультетінің бірінші курс студенттеріне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Жиынды оқу орнының тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы ашып, студенттерді академияның қоғамдық өміріне белсенді түрде араласуға, түрлі мәдени, спорттық және тәрбиелік іс-шараларға қатысуға шақырды. 
Кездесу барысында Фармация факультетінің деканы Тоқсанбаева Жанат Садебекқызы білім алушыларға оқу орнының ішкі тәртіп ережелерін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, факультет деканының орынбасарлары Сапақбай Мәлік Мырзаханұлы мен Козыкеева Раушан Айдарбекқызы студенттермен еркін форматта пікір алмасып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Студенттер оқу үдерісіне, факультеттегі тәртіпке және академиядағы қоғамдық жұмыстарға қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттарға қанықты.


Кездесу барысында бірінші курс студенттеріне оқу орнының талаптарын сақтау, сабаққа жауапкершілікпен қарау, академиялық адалдық қағидаттарын ұстану және қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде атсалысу қажеттігі айтылды.
Жаңа ортаға бейімделіп, білім жолына енді қадам басқан студенттер үшін мұндай кездесулердің маңызы зор.

Пікірлер орны (0)