Войти
Басты бет Академия жаңалықтары Болашақ дәрігерлердің ғылыми к...
16 қыркүйек 2025
43
0
0

Болашақ дәрігерлердің ғылыми көзқарасы: неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасында студенттердің ғылыми жобалары ағылшын тілінде қорғалды

2025 жылғы 15 қыркүйекте неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасында ЖМША-09-21, ЖМША-10-21, ЖМША-11-21 және ЖМША-12-21 ағылшын топтарының 5 курс студенттерінің ғылыми жобаларын қорғау рәсімі өтті.
Іс-шара аясында клиникалық неврология мен психиатрия саласындағы өзекті тақырыптарға арналған зерттеу жұмыстары ұсынылды. Студенттер келесі ауруларға арналған жобаларын дайындап, ағылшын тілінде қорғады:
• Эпилепсия
• Туретт синдромы
• Таратылған склероз
• Деменциялар
Әрбір ғылыми жоба негіздемемен, клиникалық мысалдармен және диагностика мен емдеуге қатысты ұсыныстармен сүйемелденіп, болашақ мамандардың жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
Қорғау процесін кафедраның профессор-оқытушылар құрамы басқарды, атап айтқанда:
• Доценттер: Полукчи Т.В., Еркебаева С.К., Мұстапаева Г.А., Абдраимова С.О.
• Ассистенттер: Есетова А.А., Сүлейменов М.А.
Оқытушылар ұсынылған жобалардың сапасын, ғылыми негізділігін және студенттердің ағылшын тіліндегі кәсіби терминологияны сенімді меңгеруін ерекше атап өтті. Мұндай іс-шаралар студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін, сыни ойлау қабілетін және кәсіби дамуын қалыптастыруға ықпал етеді.
Кафедра студенттердің ғылыми қызметін және халықаралық деңгейдегі академиялық бастамаларды қолдауды жалғастырады.

Пікірлер орны (0)