
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Педиатрия бойынша республикалық олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты студенттердің педиатрия саласына деген қызығушылығын арттыру, клиникалық ойлау қабілетін дамыту, практикалық дағдыларын шыңдау және дарынды болашақ мамандарды анықтау болды.

Олимпиадаға «Педиатрия» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 4–5 курс студенттері мен интерндер қатысты. Әр команда 5 қатысушыдан құралды. І кезеңде командалар өздерінің оқу орындары мен қалаларын таныстырды. II кезең – тестілеу, III кезең – «Клиникалық ситуациялық есептер» байқауы, IV кезең – Практикалық дағдылар және визуализация байқауы, V кезең «Өз ойыны» интеллектуалдық сайысы болды. Жалпы есеп бойынша үздік нәтиже көрсеткен “Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы” АҚ командасы ( ғылыми жетекшісі PhD, қауымдастырған профессор К.С.Кемельбеков) ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің I -Дәрежелі дипломымен, “ Астана медицина университеті” КеАК командасы II- Дәрежелі дипломмен, “С.Асфендияров атындағы ҚазақҰМУ” КеАК командасы III- Дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар, қазылар алқасының шешімімен қатысушыларға «Үздік болашақ педиатр», «Үздік педиатрия жұлдызы» және «Тестілеудің үздік нәтижесі» арнайы номинациялары табысталды.
