Войти
🤖 SKMA AI Assistant
Басты бет Академия жаңалықтары CBL әдісі мен AI элементтерін...
25 мамыр 2026
1
0
0

CBL әдісі мен AI элементтерін қолдана отырып ашық дәріс өткізу

Профессор С.К. Ордабаева «Фармация» БББ 4 курс студенттеріне фармацевтикалық химия пәні бойынша CBL әдісі мен AI элементтерін қолдана отырып ашық дәріс өткізді. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес фторхинолондар туындылары тақырыбындағы дәрістің негізгі бөлімдеріне химиялық құрылымының ерекшеліктері, физика-химиялық қасиеттері, алыну жолдары және дәрілік препараттардың сапасын бақылау әдістері кірді.

Лектордың ассистент-көмекші ретінде белсенді оқыту әдісін оңтайлы таңдау мақсатында ChatGPT, Google Gemini, DeepSeek платформалары, сонымен қатар презентация дайындау барысында Gamma Presentation бағдарламасы пайдаланылды.

Дәрілік заттардың сапасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында пәннің мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, лектор кейс-әдісті таңдады. Кейстегі ситуациялық тапсырманы шешу барысында лектор фторхинолонды бактерияға қарсы дәрілік заттарды әзірлеудегі молекулалық докинг мәселелеріне ерекше назар аударды, нәтижесінде олардың ең тиімдісі медициналық тәжірибеге енгізілгенін атап өтті.

Сапаны қамтамасыз етудің маңызды аспектілерінің бірі дәрілік заттардың тұрақтылық мәселелері болып табылады. Сондықтан лектор сыртқы орта факторларының әсерінен препараттардың ықтимал химиялық деградациясы, тектес және жалпы технологиялық қоспаларды, сондай-ақ сапаның басқа да көрсеткіштерін ұлттық және халықаралық нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес нормалау мәселелеріне жан-жақты тоқталды.
Лектор ұсынған материал білім алушылардың кейс сұрақтарын сәтті шешуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар, студенттер кіші топтарға бөлініп, «сараптамалық комиссия» мүшелері, «сынақ зертханасының» қызметкерлері және «реттеуші орган» өкілдері ретінде қызығушылықпен жұмыс атқарды.

Дәріс материалын меңгеру деңгейін бағалау және білім алушылардың өткізілген дәріс туралы пікірін анықтау тест тапсырмалары мен Google - сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асырылды. Респонденттердің 80%-дан астамы дәрістің өткізілу формасына оң баға беріп, оның болашақ кәсіби қызметке ынталандырғанын атап өтті. Сонымен қатар, дәріс материалын меңгеру деңгейі шамамен 90%-ды құрады.

Ашық дәріске қатысқан Академиялық комитет мүшелері лектордың кәсіби тәжірибесі, педагогикалық шеберлігі мен аудиторияны меңгере білуі студенттердің фторхинолондар туындыларының дәрілік заттарын талдау бойынша фармацевтикалық химияның арнайы бөлімінің материалдарын тиімді меңгеруіне мүмкіндік берді. Лектор ұсынған ақпарат білім алушыларға жаңа препараттарды әзірлеу және олардың сапасын, тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дәрілік заттардың сапасын бақылау әдістері мәселелерін тереңірек игеруге жағдай жасады. CBL әдісін қолдана отырып, кейсте ұсынылған ситуациялық тапсырманы шешу тәжірибеге бағытталған тәсілде жүргізіліп, студенттердің болашақ фармацевт-аналитик ретіндегі кәсіби қызметіне тереңірек үңілуіне мүмкіндік берді.

Айта кететін жағдай, жасанды интеллект платформалары оқытушыларға білім беру үдерісін ұйымдастырудың көптеген нұсқаларын ұсынып, оларды тезистік түрде ұсынады. Оқытушының міндеті – пән бойынша таңдалған тақырыпты ең оңтайлы нұсқаға бейімдеу, тек өз тақырыбын ғана емес, сонымен қатар ЖИ ұсынған сабақ формалары мен көптеген нұсқаларды да терең зерделеу. Сонымен қатар, ЖИ платформалары жиі жіберетін қателіктер мен ауытқуларға жол бермеу үшін материалды жетік меңгеріп, оқытушының өз кәсіби біліктілігіне сүйену аса маңызды.

Пікірлер орны (0)