
Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында 2026–2027 оқу жылында білім алатын дәрігер-интерндермен кездесу өтті. Жиынға оқу орнының академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры Анартаева Мария Ұласбекқызы мен интернатура деканы, PhD, қауымдастырылған профессор Кемелбеков Қанатжан Сауханбекұлы қатысты.
Кездесуде 2026–2027 оқу жылындағы интернатураның трансформациясы мен оқу процесін ұйымдастырудың негізгі бағыттары түсіндірілді. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес оқу процесінің 70%-ы клиникалық базаларда тәжірибелік оқытуға бағытталып, интерндер білікті тәлімгерлердің жетекшілігімен практикалық дағдыларын жетілдіреді.

Сонымен қатар кездесуде бейінді интернатура бағыттары, МСАК базаларындағы клиникалық дайындық, заманауи бағалау әдістері, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау түрлері, академиялық және ішкі тәртіп талаптары, үштілділік саясаты, интерн портфолиосын жүргізу, клиникалық базалардағы кезекшілік мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында дәрігер-интерндер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.