С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің алаңында өткен «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша РОӘК ОӘБ және РОӘК ОӘБ фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын басқару тобының қатысуымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел аясында фармацевтикалық білім беру, ғылым және практикалық денсаулық сақтау саласының жетекші сарапшылары фармацевтика саласы үшін кадрлар даярлаудың заманауи сын-қатерлері мен болашағын талқылады.
«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша РОӘК оқу-әдістемелік бірлестігі төрағасының орынбасары, биология ғылымдарының докторы, профессор Багдат Сакеновна Имашева («Астана медицина университеті» КЕАҚ) құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол денсаулық сақтау жүйесінің жаһандық өзгерістері жағдайында медициналық және фармацевтикалық білім беру сапасын арттыру үшін университеттердің, жұмыс берушілердің және кәсіби қоғамдастықтың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

РОӘК ОӘБ Фармацевтикалық білім беру бағдарламалары бойынша жобаны басқару тобының (ЖБТ) төрағасы, фармацевтика ғылымдарының кандидаты, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі Айгуль Гаффаровна Ибрагимова әлемдік қоғамдастықтың жаһандық трендтері мен сын-қатерлері аясында «Фармация» білім беру бағдарламаларын жетілдіру тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада халықаралық білім беру стандарттарын енгізу, фармацевтикалық білімді цифрландыру, клиникалық фармацияны дамыту және болашақ мамандардың бойында жаңа кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру мәселелері қаралды.

PhD, Фармацияны ұйымдастыру, басқару және экономикасы, клиникалық фармация кафедрасының қауымдастырылған профессоры Меруерт Ильясовна Тлеубаева фармацевтикалық білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлаудағы мультидисциплинарлық тәсіл мәселелерін қозғады. Спикер білім беру процесіне клиникалық, басқарушылық, технологиялық және зерттеу құзыреттіліктерін интеграциялау қажеттілігін баса айтты.
«Фармация» және «ФӨТ» БББ төрағасы, С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Инженерлік пәндер және тиісті практикалар кафедрасының ассистент-профессоры Шынар Мухтаровна Курманалиева фармацевтикалық өндіріс үшін мамандар даярлауға және саладағы тиісті практикаларды енгізуге бағытталған заманауи білім беру бағдарламаларын дамыту тәсілдерін ұсынды.
Астана медицина университетінің өкілі Омари Азиза Мұқатайқызы «Фармация» білім беру бағдарламасындағы жасанды интеллект: цифрлық сауаттылықтан қауіпсіз клиникалық практикаға дейін» тақырыбында баяндама жасады. Сөйлеген сөзінде заманауи фармацевтикалық кадрларды даярлауда жасанды интеллект технологияларын, цифрлық платформаларды және деректерді талдауды қолданудың болашағы қаралды.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Клиникалық-фармакологиялық бөлімінің басшысы Айгуль Хангереевны Бактыгалиеваның клиникалық фармацияны дамытуға және рационалды фармакотерапияны қамтамасыз щудегі фармацевттің рөліне арналған баяндамасы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Спикер дәрі-дәрмекпен емдеудің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету жүйесіндегі клиникалық фармацевттің маңызын, сондай-ақ стационарлар мен клиникаларда мамандардың практикалық дайындығын күшейту қажеттілігін атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрлар даярлау саласында фармацевтикалық білімді одан әрі жаңғыртуға, цифрлық фармацияны дамытуға, жасанды интеллектті енгізуге, практикаға бағытталған оқытуды кеңейтуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған қарар қабылдады.