
06.05.2026 ж. Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы Аманкелді Нұрдаулетпен студенттердің кездесуі өтті. Тақырыбы: «Азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын түсіндіру, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде терроризмнің, нәсілдік және діни экстремизмнің таралуының алдын алу».
Іс-шара діни сауаттылықты арттыруға, толерантты көзқарас қалыптастыруға және радикалды идеялардың алдын алуға бағытталды.
Кездесу барысында маман дәстүрлі рухани құндылықтардың маңызы, ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдаудың қажеттілігі және қоғамдағы конфессияаралық келісімді сақтау туралы түсіндірді. Сонымен қатар діни қауіпсіздік пен жастардың деструктивті ағымдарға қарсы тұрудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Студенттер белсенді қатысып, дін, әлеуметтік желілердің әсері және ақпараттық қауіпсіздікке қатысты сұрақтар қойды. Мамандар түсіндіріп, тәжірибеден мысалдар келтірді.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылардың қызығушылығын арттырып, білімдерін кеңейтуге және тұрақты өмірлік ұстаным қалыптастыруға ықпал етті.