Войти
Басты бет Академия жаңалықтары «Дін саласындағы мемлекеттік с...
30 қыркүйек 2025
15
0
0

«Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелері»

29.09.25ж. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.Ж.Ибраимова және 1 курс Медицина факультетінің білім алушылары қалалық жасөспірімдер кітапханасында Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» теолог маманы Аманкелді Нұрдәулет Бахытұлымен «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелері» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмысын өткізді.
Мақсаты еліміздегі дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру, қоғамда діни сауаттылықты арттыру және радикалды діни ағымдардың алдын алу болып табылады.
Шара барысында жат діни ағымдардың қауіптілігі туралы ақпарат беріліп, одан сақтанудың жолдарын атап өтті. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, теолог маман тарапынан қажетті ақпараттар айтылды.

Пікірлер орны (0)